Вашингтон. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталмаған. Жаңалықтар жүйесі Дамадоладағы конференцияда Пәкістан билігінің өкілдері Мидхат Мерсиді «Әл-Қаиданың» белгілі үш мүшесінің бірі ретінде танығандығын айтқан. «Әл-Қаида» басшысының орынбасары деп есептелетін Айман әл-Зауахриді көздеген әуе шабуылынан кейін Пәкістанда наразылықтар өрши түскен болатын. Шабуылдар барысында ауған шекарасымен жақын ауылда, ішінде әйелдер мен балалар бар, кемінде 18 адам опат болған.