Ресей санкциялар салуды қарастыратын Иран мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына беруді кейінге қалдыра тұруға шақырған. Бұл туралы Уашингтонда сәрсенбі күні Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісі Хавьер Солана АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен кездесуінен кейін айтқан еді. Онда Кондолиза Райс Иранның ядролық қаруын игеруіне немесе дамытуға жол берілмеу керек деген.