Ресейге солтүстіктен жеткен қақаған аяздан соңғы тәуліктерде ондаған адам үсіп өлді, мектептер жабылып, көліктер тоқтап қалды. Бірақ ол аязға қарамай православия дініндегі орыстар өздерінің шоқыну рәсімін жалғастырып, айдаладағы мұзды суға сүңгіп жатты.
Мәскеу маңайындағы бір көлдегі мұзды жарып шоқынушылар суға түсуде. Священниктер оларға өз тілектерін айтуда. Дегенмен биылғы қаңтардың мұншама қатты аязының адамға зиян келетінін айтып, дәрігерлер, полиции қызметкерлері алдын ала ескертіп жатты. Бірақ, дінге берілген мыңдаған мәскеулік сүйектен өтер аязға қарамастан крест бейнесінде кесіп тесілген мұзды көлге секіріп түсе бастады. Полиция есебіне қарағанда, шоқынушылар саны кемінде 2 мыңдай еді.
Әдетте, Иса пайғамбардың баптизм үрдісінде Йордания өзеніне түсіп шомыла шоқынады. Ал орыс православия шіркеуінде шоқынатын күн - қаңтардың 19-ы. Сыйынушылар міне осы күні суға түсіп өз күнәларын жуады.
- Киімді түгелдей шешіп, суға сүңгісең күнәларың жуылып, өмірің ұзарады, - дейді орта жастағы шоқынушы христиандардың бірі Александра Хамирова.
Діни жағын алмағанның өзінде орыстар қысқы мұздай суда шомылудың денсаулыққа пайдалы екендігін ертеден-ақ біледі. Өздерін «морж» деп атаушылар қыс бойы суға түсумен болады. Сәрсенбі және бейсенбі күні көпшілікпен бірге Мәскеу көлінің аязды суына түсіп шоқынған азаматтардың бірі - Ресей морждар федерациясының президенті Владимир Гребенкин.
- Бұл шын мәнінде денсаулыққа керемет. Мен мұзды суға түсіп дертінен айыққан жүздеген адамды атай аламын. Олар мүгедектіктен құтылды. Судан шыққанда олар қып-қызыл болып кетеді. İшкі темпретаурасы бірден 40 градусқа көтеріліп кетеді. Зиянды вирустар бірден жойылады, - дейді Гребенкин.
Бірақ, көптеген дәрігерлер қыс кезінде мұзды суға шомылудың денсаулыққа пайдасынан гөре зияны басымдау болар деген пікірде. Мәскеудегі емханалардың бірінде жұмыс істейтін невролог Абдұлла Давлатовтың айтуынша, оған емделуге келетіндердің көбі аязды күні суға түсетін морждар көрінеді.
- Өз денеңізді мұндай ерекше физикалық жағдайға салу өте қауіпті. Алдын-ала дайындықсыз бірден аязды суға секіру бүйректің қабынып, әйел-қыздарды гинекологиялық ауруларына душар етері айдан анық, - дейді дәрігер.
Дегенмен, Давлатовтың айтуынша, шынымен-ақ қыста мұздай суда шомылғысы келетіндер, өз денесін біртіндеп суыққа үйретіп, салқын мерзімде кемінде алты айдай суға үзбей түсіп тұруы қажет. Ал биылғы 2006 жыл басталысымен жарты ай өтпей жатып Ресейдің солтүстігінде басталған, Мәскеу маңайындағы аяз 30-35 градустан асып жығылса, Ямал-Ненец ауданында ауа температурасы рекордтық деңгейге, минус 61 градусқа дейін төмендеген. Баспанасыздардың пойыз вагондарында, метро стансаларында паналауға рұқсат берілгендігіне қарамастан Ресейде соңғы 3-4 күн ішінде кемінде 40 шақты адамның үсіп өлгені хабарланды. Бірнеше ауданда жылу жүйесі істен шығып, тұрғындар басқа жерге көшірілді. Жалпы Ресейде энергетикалық үнемдеу науқаны жарияланды. Сирек кездесетін бұл аяз Қазақстанның солтүстік, шығыс аймақтарына да жетіп, ондағы температура көрсеткіші 30 бен 40 градус суықтың арасын көрсетіп тұр.