Ақ Үйлік өкіл МкКлелланның айтуынша, АҚШ-тың лаңкестермен сөйлесуге ниеті болған емес. Арабтардың «Әл-Жазира» теледидарынан көрсетілген ол бейнетаспада Бин Ладен АҚШ-қа қарсы жасалмақ жаңа террорлық шабуылдар жөнінде айтады. Сондай-ақ, «Әл-Қайда», Ирақтан АҚШ әскерилерінің алып кетілуі жөніндегі жұрттың тілектеріне де жауап беруге дайын екендігін білдіреді. Орталық барлау агентігі Бин Ладеннің даусы деп таныған мұндай хабар 2004-жылғы желтоқсаннан кейін алғаш рет таратылып отыр.