Кеше Арменияның 46 жасағы Ирақтың оңтүстігіне аттанды

Ереван. Бұл Ирақта қызмет етуге кеткен Арменияның үшінші контингенті. Армения парламенті өткен айда Ирақтағы жасақтарының мандатын тағы бір жылға ұзартуды қолдап дауыс берген болатын. Армения жасағы негізінен дәрігерлер мен жүргізушілерден және жарылғыш заттарды залалсыздандыратын мамандардан құралған.