Ирақтағы кепілдік тұтқындағы американдық журналистің тағдыры әлі белгісіз

Бағдад. 7 қаңтарда ұрланған Джилл Кэролды егер талап орындалмаса, өлтіреміз деген шартты мерзім аяқталып қойған. Журналисті кепілдікке алғандар Ирақ түрмелеріндегі әйелдер түгел босатылсын деп талап еткен еді. Араб телеарнасы жұма күні Джилл Кэролдың әкесінің қызын босатуын сұраған видеотаспаны көрсетті. Араб сунниттері мен әлемдегі мұсылман қауымы өкілдері де журналистің бостандыққа жіберілуін өтінуде. АҚШ мемлекеттік депаратментінің өкілі Шон Маккормак АҚШ ресмилері Джилл Кэролды босатып алудың шараларын жасауда деп айтты. Нью-Йорктегі журналистерді қорғау комитетінің деректеріне сәйкес, 2004 жылдың тамыз айынан бері Ирақта 36 журналист кепілдік тұтқынына түскен, олардың 6-ы қаза тапқан.