СТАМБУЛ. Бүгін көрнекті түрік жазушысы Орхан Памуктың адвокаты хабарлағандай, Түркияның әділет министрлігі қаламгерге қарсы сот процесін тоқтату туралы шешімге келді. Швейцариялық басылымға берген сұхбатында 1-нші дүниежүзілік соғыс жылдарында Түркияда 30 мыңға жуық күрд пен 1 млн.-ға жақын армян қырылды деп мәлімдеген Орхан Памукқа – түрік мемлекетіне “жала жапты” деген айып тағылды. Түркиялық “Хурриет” газетінің мәліметі бойынша, жазушыға қарсы сот процесі – адам құқы туралы Еуропа конвециясына қайшы келеді деп ескерткен Еуроодақтың қысымы бойынша доғарылып отыр. Брюссель Анкараны егер сот үдерісі доғарылмаған жағдайда Түркияны Еуроодаққа қабылдау туралы келіссөз де тоқтатылады деп ескертті.