И.Ругова бейсенбіде жерленеді

Қайтыс болған Косово президенті Ибрахим Руговамен қоштасу үшін мыңдаған адам Приштинадағы парламент ғимаратының жанына жиналды. 61-жастағы Ругова қатерлі ісік ауруынан сенбі күні қаза тапқан болатын. Косовоның тәуелсіздігі үшін бейбіт әрекеттер жасап келген Ибрахим Ругова бейсенбі күні жерленетін болды.