Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандық несие беру қорына 2 млн АҚШ доллары көлемінде қарыз беретін болды

  • Досан БАЙМОЛДА
Еуропалық қайта құру және даму банкі бұған дейін Қазақстандағы банк секторына 150 млн АҚШ долларының инвестициясын кіргізген болса, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатына арнап 430 млн АҚШ долларының несиесін беріп келді. Енді міне осы банк Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қолдауға арнап бұл жолы Қазақстандық банкке емес, қазақстандық несие беру қаржы ұйымына 3 жылдық мерзімге 267 140 000 теңгенің көлемінде ( 2 млн доллар) несие бөліп отыр.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің шағын бизнес тобының жетекшісі Мария Тереза Заппия ханымның айтуынша Қазақстан жағына осы жолғы берлетін бұл жолғы несиенің екі түрлі өзгешелігі бар болмақ. Біріншісі несие доллар на евромен емес алғаш рет қазақстандық ұлттық валюта –теңгемен беріледі ал екінші өзгешелігі несие банкке емес сенімді деп көрілген қаржы ұйымына беріледі.

Мария Тереза ханымның айтуынша бұған дейін осы Еуропалық қайта құру және даму банкі тарапынан болған түрлі бағдарламаларға сай қазақстанның шағын бизнес саласында жұмыс істеп жүрген 50 мыңдай адам несие алған.

Еуропалық қайта құру және даму банкінен 267 140 000 теңгенің қарыз несиесін алып отырған Қазақстандық несие беру қоры 1997-ші жылы АҚШ-тың халықаралық даму бағдарламасының гранттық қоры мен американдық коммерциялық емес ұйымның техникалық көмек қолдауымен құрылыпты. Осы қордың бас директоры Шалқар Жүсіповтың айтуынша қор осы уақытқа дейін шағын бизнес саласында жалпысы 86 мың 634 долларды құрайтын жалпы саны 146257 несие берген.

Алайда шағын бизнес саласында микронесие беру жағынан Қазақстан Орталық Азиядағы өз көршілерінен артта қалып қойды дейді Ш.Жүсіпов. Оның айтуынша Қазақстанда банк секторы жақсы дамып барады алайда осы шағын бизнеске көңіл бөлу мәселесі дұрыс жолға қойылмай келеді. Енді мінеки Еуропалық қайта құру және даму банкінің беріп отырған бұл несиесін ең алдымен ауылдық жерлер мен аудан орталығында жұмыс істейтін адамдарға беру ойымыз бар деді Ш.Жүсіпов. Оның айтуынша бұл қарыз несиені алу үшін кепілдік қоюдың қажеті жоқ, тек қана төлқұжат және салық төлейтіндігін растайтын тиісті құжат-қағазын көрсетсе және бизнес жоспарын таныстырса жеткілікті болмақ.