Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған ЕурАзиялық экономикалық қауымдастығының қатары Өзбекстанмен толықты

С.ПЕТЕРБОР. ЕурАзиялық экономикалық қауымдастығына мүше елдер басшыларының бүгін С.Петерборда өтіп жатқан кезектен тыс бас қосуында Өзбекстанның осы ұйымға 6-ншы мүшесі болып қосылуы туралы Хаттамаға қол қойылды. Бүгінге дейін қауымдастықтың қатарында Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан сынды 5 мүшесі болды. Аталған құрылымның Бас хатшысы Григорий Рапота бүгін ИТАР-ТАСС агенттігіне Өзбекстан қауымдастықтың “құнды активі болады” деп мәлімдеді. Бүгін Ресей президенті В.Путин 2001-інші жылдан бері қауымдастыққа төраға болған қазақ лидері Н.Назарбаевқа Өзбекстанның қосылуына мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтты. Бүгінгі саммиттің барысында ЕурАзиялық экономикалық қауымдастығын Орта Азияның ынтымақтастық ұйымымен біріктіру мәселесі талқылануға тиіс.