Рамалла. Зеит университетінің дауыс беру бекетіндегі бір азаматтың айтуынша, «Фатахшылар» 46, ал «Хамастықтар» 39 пайыз қолдауға ие болған. Егер бұл көрсеткіш рас болса, онда Парламенттегі 63 орын «Фатах» партиясына, ал 58 орын «Хамас» тобына тиесілі болады. Дегенмен, соңғы қорытынды нәтиже жұма күні жарияланбақ. «Фатах» партиясының жетекшісі, Палестина елбасы Махмұд Аббастың айтуынша, ол Израильмен өзара бейбіт келіссөздерге отыруға әрқашан дайын көрінеді.