БІШКЕК. Бүгін Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Бішкектегі елшісіне Вашингтоннан Ганси әуе базасының жалдық ақысы мен экологиялық өтемақысын айтарлықтай өсіруді талап ететін құжат тапсырды. Құжатта “Қырғызстанның ұлттық мүддесін” қорғайтын тағы бірқатар талап-шарт айтылған. Бірақ оның басқа жай-жапсары белгісіз. Дегенмен де өткен аптада қырғыз парламентінің спикері Өмірбек Текебаев ресми Бішкек Ганси әуе базасының 1 жылғы жалдық төлемін 50 млн. долларға дейін ұлғайтуға тырысатынын хабарлаған болатын. Дәл қазір АҚШ Бішкектегі Манас әуе жайын пайдаланғаны үшін қанша төлейтіні беймәлім. Бұл базаны Пентагон 2001-інші жылдан бері Ауғанстандағы соғыс қимылдары үшін пайдаланып келеді.