Орыс газы Грузияға бүгін түнде қайта келмек

Грузия президентінің шекаралас Мцхета-Мтианети ауданындағы өкілі Василий Маглакелидзе Ресей газы келетін құбыржолда ақау жөнделді, газ тасымалы қайтадан басталады деп жариялады. Газ Грузияға не бүгін түнде, не ертең тәңертен келеді деді Василий Маглакелидзе. Бүгін тәңертен Ресей өкілдері газ Грузияға қашан қайтадан берілетіні белгісіз деген еді. Моздок-Тбилиси бағытындағы құбыржолда 22 қаңтарда екі жарылыс болып, Грузия орыс газынан ажырап қалған. Грузия үкіметі Ресей газ тасымалын әдейі тоқтатып тастады деп біледі. Мәскеу мұндай жорамалды жоққа шығарады. Грузия алдағы бірнеше күнде газды Ираннан ала бастаймыз деп жариялаған болатын.