31 қаңтарда Қазақстандағы бірқатар іскер топ өкілдері біріккен салық төлеушілер қауымдастығы құрылды. Басты мақсаты елдегі салық саясатын тиімді жүргізуді қолға алу және де салық төлеушілердің құқын қорғау екен.
Басқару кеңесінің мүшелері белгілі экономист-мамандар Григорий Марченко және Жанат Ертілесовалар болып табылатын Салық төлеушілер қауымдастығы ең алдымен елдегі салық саясатының тиімділігі үшін мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты кәсіби деңгейде жүргізуді көздеп отыр. Себебі, салық саясаты тек үкімет тарапынан нұсқаулар арқылы төмен қарай орындалуы міндеттеледі де, салық төлеушілердің пікірі ескеріле бермейді дейді Салық төлеушілер қауымдастығы атқарушы төралқасының мүшесі Айдын Бекебаев. Оның пікірінше, Қазақстандағы салық саясатын бір қалыпқа келтіруге енді сол салық төлеушілердің өзі мүдделілік танытуға тиіс.
«Өйткені, мемлекеттің атқаушы органдарының бұл саладағы әрекеті басымдық сипатқа алып кетсе, көп жағдайда салық төлеушілердің құқы бұзылып жататын жағдайлары жиі кездесіп отыр. Осы ретте бірінші кезекте елдегі салық мәселесіне қатысты барлық заңдарды қайта қарап, оларды уақыт талабына қарай ыңғайлау басты міндетіміз болып отыр», - дейді Салық төлеушілер қауымдастығының атқарушы төралқасының мүшесі Айдын Бекебаев.
Осы мәселеге орай біз пікірін білген ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Қошанов Салық төлеушілердің қауымдастығы елдегі ірі компаниялардың салық мәселесіндегі бұған дейін қордаланған мәселелерін шешуге мұрындық болғаны экономикаға оңды әсерін тигізері сөзсіз дейді.
Ал экономика ғылымдарының докторы, профессор Қанат Берентаев аталған қауымдастықтың салық заңдылықтарын өзгеруге қатысты қадамдарын аса құптамайтындығын айтады. Салық төлеушілер қауымдастығы атқарушы төралқасының мүшесі Айдын Бекебаев салық заңдылықтарынан басқа, мейлінше елдегі барлық салық төлеушілерді біріктіріп, олардың құқын қорғау негізгі міндеттеріміз болмақ дейді.
Сондай-ақ Айдын Бекебаев қазірдің өзінде аталған қауымдастыққа «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы бастаған оннан аса ірі компаниялар мүше болып кіріп отырғанын айтады.