Таяу шығыс бойынша төрттік ел жетекшілері, егер «Хамас» қақтығысты қойып, Израилды мойындамаса, халықаралық бейбітшілік процесіндегі Палестина Автономиясына берілетін көмек тоқтатылады деп айтқан болатын. Қайырда өткізген баспасөз мәслихатында Палестина президенті Махмуд Аббас, құрамында Еуропа Одағы, БҰҰ, АҚШ және Ресей бар төрттік ел палестиндықтарға көмек беруін жалғастыра беруге келісті деген. «Хамастың» Палестин үкіметін басқаратын не басқармайтыны екі-үш айдың ішінде анықталатын болады. Мысырдың ақпарат министрі Омар Сүлейменнің сөзін келтірсек, «президент Аббас «Хамастан» егер тек текетіресті тоқтатып, Израйлды мойындағанда ғана үкімет құра алатынын талап етеді» деген.