Британия прьемер-министрі халықаралық қауымдастықты бірлесіп, Иранға дабылхат жолдауға шақырып отыр

Онда Тони Блэйр Теһранның халықаралық міндеттемелерден бас тарта беруіне болмайтынын түсіндіріп, Иранға осындай хат жолдау керектігін айтқан.

“Иранның әрекетін ескере отырып, яғни ядролық қаруға байланысты міндеттемелерді тек бұзып қана қоймай, адам құқығын аяқасты етіп, терроризмді шетке шығарып отырғандықтан, бұл жағдайда Теһранға қазір сіздер халықаралық қауымдастықтың міндеттемелерін сақтауыңыз керек деп айтуымыз өте маңызды және біз бәріміз оның орындалу қажеттігін қолдауымыз керек”, - деген Т.Блэйр.

Иран президенті Махмуд Ахмединежед болса Теһран Батыстың қысымына қарсы тұрып, ядролық бағдарламасын жүзеге асыра береді деп айтты.