Ауыр жараланған екі адам хал үстінде жатыр. Жергілікті билік басшыларының хабарлауынша, жарылыс ойын автоматтарының залында болған. Бұл оқиға бойынша терроризм бабымен қылмыстық іс қозғалған. Солтүстік Осетияның ішкі істер министрі Сергей Арениннің сөзіне қарағанда, осыған дейін республикада барлық ойын автоматтарын жабу жөнінде заң қабылданған.