Қауіпсіздік кеңесінен тұрақты 5 мүше ел – Қытай, Британия, Франция, Ресей және АҚШ өкілдері апта басында кездесіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирандағы бұл ядролық бағдарламаның тағдырын талқылап шешсін деген қорытындыға келді. Атом агенттігінің Венадағы бүгінгі келіссөздері жабық есік жағдайында өтуде.