Бүгінде мұсылман әлемінде Пайғамбар Мұхаммед ғ.с-ды мазақ қылған батыс басылымдарына деген наразылықтар жалғасып жатыр. Батыс жағалаудағы Наблус қаласының көшесіне 20000 адам шығып, газеттерінде сол сайқымазақты жарыққа шығарған Дания, Норвегия және Францияның туларын өртеді. Сонымен қатар, Пәкістан, Индонезия, Иран, Ирақ, Бахрейн және Ресейдің Дағыстан Республикасында наразылық акциялары болды. Пәкістан президенті Первез Мушараф пен Иордания патшасы Абдуллах II-ші бұл карикатураларды қылмыс және мазақ ретінде деп сынға алды. Ауған президенті Хамид Қарзай Батыстың еркіндікті таныту дәстүрін мойындайтынын, бірақ басқа дәстүрлерді де сыйлау қажеттігін айтты. Британия сыртқы істер министрі Джек Стро Мұхаммед пайғамбардың бейнесін көшіріп басқан Еуропалық баспасөзді сынап, оны “жөнсіз әрі дөрекі” деп атады. АҚШ мемлекеттік департаменті де Еуропалық газеттерде шыққан бұл карикатураны айыптап, баспасөз еркіндігі дегенменде, әр нәрсеге дінаралық әрі еларалық араздық тумайтындай жауапкершілікпен қарау керек деген.