Сирияда қаупсіздік күштері мен лаңкес топтардың қақтығыстары жиілеп барады

ДАМАСК. Бүгін Сирияның қауіпсіздік күштері Дамаск қаласының іргесінде Ислам тобының қарулы жасағымен қақтығысып, осы елдің ресми SANA агенттігінің хабарлауынша, топтың жетекшісі оққа ұшып, 2 мүшесі қолға түсті. Олар паналаған пәтерден қару-жарақ пен оқ дәрі табылған. Хабарға қарағанда, бұл топ Дамаскі мен оның төңірегінде лаңкестік шабуылдар ұйымдастыруды жоспарлаған көрінеді. Соңғы айларда Сирияның қауіпсіздік күштері мен исламшыл топтар бірнеше рет қақтығысып қалды. Желтоқсанда Сирия күштері Дамаск түбіндегі Иблиб қаласында 8 лаңкестің көзін жойды.