«Интерфакс» агенттігі ақпанның 2-күні хабарлағандай, Ресейдің Алтай аймағында лаңкесші деп күдіктелген адам тұтқындалды. Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметтерінің айтуына қарағанда, күдікті азамат Шешенстандағы ірі лаңкестік актілерге қатысқан және Қазақстан территориясында жасырынып келген. Ал, Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Әшікбаев Қазақстан территориясында лаңкесшілерді дайындайтын базалар жоқ деген мәлімдеме жасады.
Бұған дейін Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы айтып өткендей, былтыр Қазақстанда да лаңкестік топтың мүшелері тұтқындалған болатын. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко бұл Қазақстанда лаңкестіктің қауіп бар екендігін айғақтайды деген еді.
Қазақстандық саясаткерлердің бірі Дос Көшімнің пікірінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялаған ақпаратқа сене беруге болмайды. Бұл жерде басқа мақсат болуы мүмкін:
- Күмәнім бар. Бұл компанияға ұқсайды.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, елде лаңкестікке уағыздайтын әдебиет, бейне және аудиотаспалар, жалған төлқұжаттар, жарылғыш заттардың тетіктері мен оқ-дәрі тәркіленген. Ал, «Интерфакс» агенттігі ақпанның 2 күні хабарлағандай Ресейдің Алтай аймағында лаңкесші тұтқындалған. Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметтерінің айтуына қарағанда, күдікті азамат Шешенстандағы ірі лаңкестік актілерге қатысқан және Қазақстан территориясында жасырынып келген. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Әшікбаев осы мәселеге қатысты журналистердің сұрағына жауап бере алмады. «Шекараны сыртқы істер министрлігі қадағаламайды. Бізде аймақты өкілділіктеріміз жоқ, сондықтан бұл іс туралы нақты бір нәрсе айту мүмкін емес», деді ол.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда лаңкесшілерді дайындайтын арнайы базалар болуы мүмкін деген бірнеше ақпарат жарияланды. Ал, Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Әшікбаев, «Мұндай мәлімдемелер оқтын-оқтын айтылатыны рас. Бірақ, Қазақстанда лаңкесшілерді дайындайтын немесе лаңкестік ұйымдар орын тепкен базалары жоқ», деді.
Ержан Әшікбаевтың айтуынша керісінше Қазақстанның жауапты органдары лаңкесшілермен күресіп келеді және бұл күрес басқа елдермен жасалған келісімдерге сәйкес жүргізіледі, деді ол. Ал, Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша соңғы кезде лаңкестікпен күрес жұмыстары күшейтілген. Департаменттер алдында шұғыл құтқару қызметтерінің мамандарын лаңкестік оқиғаларда жасайтын шараларға оқыту жүктеліп отыр. Оның сыртында лаңкестік оқиғаларда қолданылатын жабдықтарға бөлінетін қаражат ұлғайтылады деп хабарланған. Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Қайрат Тарбаев растап отыр:
- Министрлікке лаңкестікпен күресу жұмыстарын күшейту туралы тапсырма берілді. Түтін, газ бар жерде автономды тыныс алуға мүмкіншілік беретін неміс фирмасының жабдықтары және жарылыс кезінде оққағарлар киетін киімдер аламыз.
Ресми ақпаратқа қарағанда бұл жұмыстардың басты мақсаты өнеркәсіп кешендеріне бағытталған террорлық шабуылдарға қарсы әрекеттерді ұштау. Өйткені, лаңкестік болғаннан кейін оның салдарымен Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі күресуге жауапты. Сарапшылар болса, соңғы уақытта бар әлемде террорға қарсы күрес күшейтіліп келеді деген пікірде. Саясаттанушыы Берік Әбдіғалиевтің айтуынша, Қазақстанға Өзбекстаннан қауіп төнуі ықтимал:
- Егерде ертең Каримовты белгілі бір топтар орнынан ауыстырып, қақтығыс болса, ол бізге гуманитарлық апат әкелуі мүмкін. Біздің шекарамыз ашылып, бізге қаптаған адам келуі мүмкін.
Ал, қайсібір сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан билігінің елдегі лаңкестік оқиғалардың алдын алу шараларын күшейтеміз деген ұрандары тек режимді қаталдатуды көздейді.