Түркияда бес журналист үстінен бүгін сот басталмақшы

“Мемелекеттік мекемелерге тіл тигізді” деген айып оларға тағылып отыр. Өткен жылдың қыркүйек айында Түрік соты “20- ғасырда Түркиядағы армяндар қырғыны” деген тақырыпта конференция өткізуге тыйым салатын шешімді қабылдаған болатын. Соттың осы шешіміне байланысты әлгі бес журналист арнайы мақалалар жариялаған екен. “Осман империясы кезінде армяндарды жаппай қырып-жою орын алды” деген тұжырымды Түрік өкіметі жоққа шығарып келеді.