Дүйсенбі күні қарсылық шерулері Таяу Шығыста, Ирақ пен Иранда, Индонезия мен Ауғанстанда болды. Оның барысында төрт адам қаза болған. Демалыс күндері орын алған шерулер барысында Сирия мен Ливандағы Дания және Норвегия елшіханалары отқа оранған болатын. Бұл оқиғаларды Құрама Штаттар мен Еуропа одағы және БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан айыптады. Діни қайраткерлердің Еуропалық кеңесі суреттердің жарияланғанын да, одан кейін туындаған күш қолдануларды да айыптады. Ватиканда, архиепископ Майкл Фицжеральд барлық тараптар жағдайды жұмсартуға міндетті, деді. Техранда 400-дей адам шеруге шығып, Дания елшіханасына бензин толтырылған шөлмектер лақтырған. Елшілік қызметкерлері бұған дейін көшірілген екен.