Адам денсаулығы көп жағдайда ол өмір сүретін қоршаған орта, яғни экологияның тазалығына және азық түлік өнімдері яғни тағам сапасына тікелей байланысты болып келеді. Осыған байланысты ақпанның 7-сі күні Алматыда ашылған «Орталық Азия елдері және Моңғолиядағы ұн сапасы, оны жақсарту жолдары» атты халықаралық жиынға тек Орталық Азияның Қазақстан,Қырғызстан,Өзбекстан және Тәжікстан секілді елдерінен басқа Әзірбайжан, Пәкістан, Үндістан, Германия, АҚШ, Ресей секілді елдердің тағам саласының мамандары, ұн өндіруші кәсіпорындардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Орталық Азия аймағындағы ұн сапасын арттыру мәселесіне БҰҰ ның балалар қоры, Азия даму қоры және кедейшілікті азайту жөніндегі Жапония қоры секілді халықаралық ұйымдар мен қорлар өз тараптарынан қаржылай қолдау көрсетіп отырғаны белгілі. Қазақ Тағамтану Академиясының президенті, акедемик Төрегелді Шармановтың айтуынша 2004 жылы Алматы форумында қабылданған осы жобаға арнап Азия даму банкі 7 млн АҚШ долларын бөлген. Бұл халықаралық жобаны аймақта іске асырушысы ретінде Қазақ Тағамтану акедемиясы белгіленіп отыр.
Академик Т.Шармановтың айтуынша темір, цинк секілді микроэлементтер мен түрлі минералдық заттарға кедей ұнды пайдаланғаннан болып адамдар түрлі ауыруларға ұшырауда әсересе әйелдерде анемия яғни қан аздық ауыруы аймақта белең алып отыр. Бұны жоюдың жалғыз амал тәсілі ол тамаққа пайдаланатын ұнды темір мен цинкпен байыту сол арқылы адам организміне қажет микроэлеметтерді ұннан алу болмақ дейді ол. Анемия ауыруына шалдыққан әйел адам өмірге бала әкелгенде ол сәбидің денсаулығы дұрыс болмайды сондықтан бұл мәселе экономикалық қана мәселе емес бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысы бар мәселе дейді Т.Шарманов.
Моңғолияның Бай-Өлке аймағында тұратын қазақ ағайындар арасында осы анемия ауыруы кең белең алған дейді осы аймақтың әкімі Қабсатар Омарұлы. Оның айтуынша аймақ тұрғындары көп жылдардан бері Ресейден темір, цинк секілді элементтерге кедей ұнды сатып алып пайдаланып келгені енді аймақ үшін мемлекет үшін үлкен проблемаға айналып отыр. Сондықтан осы жолы Бай-Өлке қазақтары үшін Қазақстаннан сапалы, минералдық заттарға бай ұнды сатып алу ойымызда бар дейді ол.
Ал Қазақстанмен көршілес Қырғызстан болса өзінің өндіретін сапасы төмен ұнынан гөрі Қазақстанның сапалы ұнын алып тұтынып келеді, алайда кеден, салық бөгеттері ұн бағасын жоғары көтеріп отыр дейді Қырғызстанның ауыл шаруашлығы министрлгінің маркетинг және сауда департаментінің басшысы Роза Сариева.
Соңғы зерттеулер бойынша 2003-2005 жылдары ұнды байытудан балалар арасындағы қан аздық Қазақстанда 50 проценттен 37,5 процентке дейін ал Тәжікстанда 70 проценттен 24,01 процентке дейін ал Өзбекстанда 31,4 проценттен 10,5 процентке дейін төмендеген.