Сейсенбі күні жарық көрген басылымдарда Қазақстан үкіметіндегі ауыс-түйістен кейін дағдарыстың орын алып отырғандығы мен жастардың шетелде білім алуына арналған «Болашақ» бағдарламасына қатысты материалдар жарияланыпты.
7-ақпан күні жарық көрген санында «Жас алаш» газеті үкіметтегі соңғы тағайындаулардан кейінгі белгілі болған жайттарға сараптама жасай отырып, кадр саласында айтарлықтай дағдарыстың көрініс бергенін жазады. Онда жуық арада жаңа үкіметтің қайта жасақталып, елдегі саяси реформаларды сол үкіметтің жүзеге асыратындығы айтылған. Ал оның басты міндеттерінің бірі демократия және азаматтық қоғам мәселесімен айналысатын бұл жолғы саны жағынан үшінші болып саналатын комиссия қорытындыларын жүзеге асыру болмақ екен. Алдағы билік басындағы ауыс-түйіске енді мұның алдында ықпалы жүре қоймаған топтардың пәрмені де қатты болуы мүмкін дейді мақала авторы. Бұл жерде өз үміткерлерін үкілеп отырған Р.Әлиев пен Д.Назарбаева енді еселерін жібере қоймайтындығына баса мән берілген. Ел аузында «уақытша үкімет» аталып кеткен қазіргі үкімет уақыт ыңғайындағы шаруаларға кірісіп кеткенімен көңілдері күпті көрінеді. Бұл ретте «Жас алаш» газеті: «Тәжірибесі аз, кәсіби деңгейі төмен, ілініп-салынып жүргендер шаршатпаушы ма еді,президент Назарбаев қатты шаршағанға ұқсайды. Осы жолғы демалысқа жанның тыныштығын ғана емес, деннің саулығын да күйттеп кеткен жайы бар» деп жазады.
Ал бұл тақырыпты кеңірек қаузаған «Республика» газетінің дәстүрін жалғастырушы «Право.Экономика.Политика.Культура» басылымы өзінің соңғы санында қазіргі үкіметке нағыз іскер, білікті азаматтар келуі үшін елдегі саяси жүйе түбірімен өзгеруі қажет дейді. Жаңадан жасақталған үкімет бұл ретте өздеріне жүктелген міндеттерді атқара алмайтындығына сараптама жасалған. Айталық ауыл шаруашылығы саласында реформа керектігі баяғыдан белгілі болғанымен қайбір жылдардан бері ауылшаруашылығы министрі креслосын меншіктеп алған Ахметжан Есімов сынды шенеуніктер жарқын істерімен көрініп, бұл саланы алға бір жылжыта алмаса да үкімет мүшелігі қызметінен қош айтысар түрі жоқ дейді мақала авторы Мұхамеджан Әділов. Және де ол Н.Назарбаев саясат сахнасынан көрінгелі бері тек қана лауазымды қызметтерде жүретін А.Есімов сынды ескі есімдердің орнын босататын уақыты жетті дейді.
Сондай-ақ сейсенбі күні жарық көрген санында «Егемен Қазақстан» газеті «Ақ жол» демократиялық партиясы биліктің бастамаларына қызу араласуға бекіп, кезінде бас тартқан депутаттық мандатты пайдалануға ниет білдіргендігін құптарлық қадам екенін айтады. Ал аталған партия төрағасы Әлихан Бәйменов қоғамды демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысына қатыстандықтары жөніндегі ұстанымдарын бұл елдегі азаматтық қоғамды дамытуға өзіндік үлес қосатындығымен түсіндіреді.
Және де 7-ақпан күні жарық көрген «Экспресс К» басылымы осы мәселеге орай «Ақ жол» демократиялық партиясы өткен парламент мәжілісі сайлауының әділетсіз өткендігін кезінде айыптай отырып, депутаттық мандаттан бас тартқан олар енді қайта бұл мәселеге ниет білдіріп отырғаны түсінікті жайт екенін жазады. Бұл қадам оларға өздері дайындаған 20-дан астам заң жобаларын парламенттен қабылдатуға қажет екен. Бұл ауыр жүкті арқалауға, яғни партияның парламент мәжілісіндегі жалғыз депутаты әлгі барлық заңдарды қабылдатуға мүмкіндігі жеткілікті екендігіне Әлихан Бәйменов сенімді дейді мақала авторы. Ал қазіргі парламент жұмысына көңілі толмағанымен оны таратып жіберудің қажеттілігі шамалы дейді партия төрағасы.
Сонымен қатар өзінің сейсенбі күнгі санында «Казахстанская правда» газеті «Болашақ» президент стипендиясы арқылы 2005 жылы 1 756 жастың шетелге оқуға мүмкіндік алғанын жазады. Онда негізінен жыл сайын үміткерлердің саны артып, аталған стипендияға деген жастардың қызығушылығы артып келетіндігі айтылған.
Ал бұл тақырыпты кеңірек қаузаған «Егемен Қазақстан» газеті өзінің 7-ақпан күнгі санында ҚР Мемлекеттік хатшысы Оралбай Әбдікәрімовпен сұхбат жариялапты. Ол «Болашақ» стипендиясы бүгінде сапалы мамандар даярлайтын бағдарламаға айналып қоймай, оның түлектері қазірде елге елеулі қызмет істеп жатқандығына тоқталған.