Бүгін Ресей президенті В.Путиннің Испания сапары басталды

Мадрид. Ол осы сапар алдында Испания газетіне берген сұхбатында Мұхаммед пайғамбарды келемеж еткен суреттерді жариялағаны үшін Дания кешірім сұрауы керек деп атап көрсеткен:

- Бұл салада кез-келген арандатушылыққа жол беруге болмайды. Бір нәрсені жазардан немесе қандай да бір суретті салардан бұрын жүз рет ойланып-толғанып алу керек.

Путин егер мемлекет мұндай жариялымдарға тосқауыл қоя алмаса, ең болмаса ол үшін кешірім сұрағаны жөн деген.