Бірнеше жүздеген адам тас, бөтелкелермен қаруланып алған. Полиция шерушілерді күшпен таратқан. Халықаралық бақылау қызметінің даниялық 11 қызметкері өткен аптада Тель-Авивке эвакуацияланған. Ислам конференциясы ұйымы, БҰҰ мен Европа одағы мұсылмандардың ашу-ызасын тудырған карикатуралар мәселесі бойынша бейбіт диалогқа шақырған бірлескен мәлімдеме таратты.