Ақпанның 9-күні жарық көрген қазақстандық басылымдар 2005 жылы Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алға жылжығаны туралы жазыпты. Республика үкіметі тек инфляция деңгейін азайта алмай және өнеркәсіп көрсеткішін жоғарлата алмай қиналған деп жазады басылымдар. Сонымен қатар, бейсенбі күні Қазақстанда “Айна плюс” деген атаумен жаңа газеттің алғашқы саны жарық көрді. Бұл газет осыған дейін Қазақстанда сот шешімімен қызметін тоқтатқан «DAT», «СолDAT» және «Жұма-таймс» газеттерінің ізбасары ретінде шығып отыр.
Өткен 2005 жылы Қазақстан үкіметі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыру барысында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген деп жазады бейсенбі күні “Казахстанская правда” газеті. Бірақ, 2005 жылы инфляция деңгейін Даниал Ахметов басқарып отырған үкімет төмендете алмай қиналған, демек өткен жылы дәл осы уақытта инфляция 7,6 процентті құраған. Онымен қоса өнеркәсіп өндірісінің деңгейі төмендеген, яғни жалпы ішкі өнімнің 30 пайызын құраған өнеркәсіп 2004 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Бұл жетістіктерді қортындылағаннан кейін Қазақстан үкіметінің жетекшісі республика президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, әлемдегі ірі 50 мемлекеттер қатарына қосылу керектігін айтып, ол үшін жалпы ішкі өнімді жан басына шаққанда 5500 немесе 6500 долларға жетуі тиіс. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш 3500 долларды құрайды. Бұл деректерді ортаға салған бас министр алдағы тоқсанда атқарылуы тиіс шараларды атап өткен. “Казахстанская правда” газеті ақпанның 9 күні жарыққа шыққан санында сонымен қатар, Қазақстандағы инвестициялық климаттың жақсарып келе жатқанын жазған. Бірақ бұл мәселемен шұғылданып жүрген маман Зейнолла Кәкімжанов шетелдік инвесторларды қорқытатын жайттар барын айтқан.
“Кәкімжановтың көңілі толмайды” деген мақала бейсенбі күні “Түркістан” газетінде де жарық көрді. Онда кезінде атышулы мәлімдемелерімен жұрт көзіне жиі түсетін, ал қазір “Бизнеспен ғана айналысып жүрген” Зейнолла Кәкімжанов республиканың инвестициялық қорының басшысы ретінде парламент сенатына есеп бергені туралы баяндалған. Зейнолла Кәкімжановтың айтуынша, бүгінгі таңда ол басқарып отырған қордың жарғылық капиталы 28,9 миллард теңгені құрайды. “Бұл аса көп сома емес” деген Зейнолла Кәкімжановтың мұндай “тиын-тебенге” көңілі толмайтындай реті бар деп жазады “Түркістан” газеті.
Оппозициялық “Айна плюс” газеті бейсенбі күнгі шыққан алғашқы санында Қазақстандағы жемқорлық мәселесін зерттеумен шұғылданатын комиссияның құжаттары пайда бола бастағаны туралы жазыпты. Бұл комиссияны кезінде Заманбек Нұрқаділов басқарған. Бүгінгі таңда бұл комиссияда 27 адам жұмыс істейді, олар жан-жақтан түсетін түрлі материалдарды тексеріп, оның қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтайды, соңынан арнайы сарапшы мамандарға береді. Соңғы рет комиссия өкілдері Балтабек Қуандықовты зерттеген. Себебі ол “Қазмұнайгаз” мемлекеттік корпорациясын басқарған, Қазақстанның бұрынғы бас министрі Нұрлан Балғынбаевтың жақын туысы болып келеді. Сонымен қатар, соңғы материалдарда Болат Өтемұратов пен оның баласының есімі аталып отыр. Бұл комиссияның жұмысы, комиссия өкілінің айтуынша, «Н.Н.» деген кісіге аса қауіпті. Жаңадан шыққан оппозициялық басылым жабылып қалмас үшін комиссия өкілі бұл адамның атын атамай отыр.
Бұл орайда Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаладағы барлық коммерциялық дүңгіршектерді жойып, түрлі ұйымдарға жалға берілген балалар бақшаларын қайта қайтаратынын айтып отыр. Бұл туралы қала әкімі арнайы халыққа есеп бергенде айтты деп жазады “Экспресс К” газеті. Өз сөзінде Алматы әкімі Иманғали Тасмағамбетов енді қалада ретсіз салынатын құрылыс болмайтынын, құрылыс жұмыстары тек бас жоспар бойынша жүргізілетінін атап өтті, делінген “Экспресс К” газетінің соңғы санында.
Ал “Жас Алаш” газеті Қазақстан зиялы қауымының бір топ өкілі республика президентіне ашық хат жолдағанын жариялап отыр. Бұл хатта зиялы қауым өкілдері Нұрсұлтан Назарбаев Петропавл мен Павлодардың атын өзгертуге көмектессе деп, сұраған. Қазақстанның апталық “Время” газеті Канадада тұратын орыс ақыны Бақыт Кенжеевпен болған сұхбатты жариялапты. Шымкентте дүниеге келген ұлты қазақ, орыс ақыны Бақыт Кенжеев Қазақстанда да, Ресейде де тұрғысы келмейтінін айтқан. “Себебі, Ресейде әділдік жоқ, менің пікірімше, Қазақстандағы жағдай да солай қалыптасып отыр” дейді ақын.