2005 жылы Қазақстанда монополистер 50 сала бойынша баға көтеруге рұқсат алды. Бұл туралы ақпанның 10 күні Астанада индустрия және сауда министрлігінің алқа отырысында хабарланды. «Қазақстан темір жолы» кәсіпорны өз бағаларын рұқсат берілген пайыздан 2-3 есеге асырып жіберген. Ресми мәлімет бойынша, қалған монополистердің баға көтеру жөніндегі 145 ұсынысы себепсіз деп табылды. Ал, кәсіпкерлер болса, монополистердің кесірінен қарапайым тұрғындарға жеткізілетін тауарлар қымбаттайды деп отыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, жаңа жылда бірнеше монополист бағаларын көтергені белгілі, бірақ индустрия және сауда министрлігінің мәліметінше жуырда кейбір монополистер бағаларын төмендетуі ықтимал.
Қазір бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет "GSM Қазақтелеком" кәсіпорнындағы тексерістерін аяқтауға жақын. Комитет төрағасының орынбасары Жанат Қожахметов хабарлағандай, осы тексеріс нәтижесі бойынша монополист көрсетіп отырған ұялы байланыс қызметтерінің бағасын төмендету жоспарланған.
Осындай тексеру жүргізіліп жатқан тағы бір компания бар. «Қазақстан темір жолы» кәсіпорны өз бағаларын рұқсат берілген пайыздан 2-3 есеге асырып жіберген, деген ақпарат бар. Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет төрағасы Алиақбар Мәтішев хабарлағандай, темір жолшыларға тарифті тек 11 пайызға көтеруге рұқсат берілген:
- Темір жолда шамалы тариф заңын бұзған деген ойымыз бар. Бірақ, түпкілікті шешім тексеруден кейін қабылданады. «Локомотив» деген акционерлік қоғамға 13 пайызға көтердік. Бірақ, соңғы тариф 10 пайыздан аспау керек болатын. Ал, бүгінде кейбір субъектілер 25-28 пайызға көтерді деген хабар естідік.
«Қазақстан темір жолының» құрамындағы «Локомотив» акционерлік қоғамының экономисі Жаннат Ысқақованың айтуынша бұл ақпарат шындыққа жанаспайды:
- Бізде бекітілген, келісілген, заңды баға бар. Бірақ, ол 28 пайыз емес.
Кәсіпкерлер қауымдастығы болса, дәл осы тарифтің 28 пайызға жеткендігі жөнінде көптеген кәсіпкерлерден түскен хаттар бар деп отыр. Бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитет төрағасы Алиақбар Мәтішев айтып өткендей көп ұзамай монополистердің кесірінен басқада бағалар көтеріліп шыға келеді:
- Темір жол тарифтері аяқ жағында тамақ, жеміс, көкөніске қалай болсада әсер етеді.
Тауарөндірушілермен экспортерлер одағының президенті Николай Радостовец бұл ақпаратты құптап отыр. Оның айтуынша, жол тасымалы өзгергенсоң бірінші кезекте темір жолмен тасымалданатын көмір бағасы көтеріледі. Сөйтіп осы отынмен жұмыс істейтін кәсіпорындар өз шығығын өтеу үшін тауар бағасын көтереді. Бұл тұрғындарға ауыр тиеді, дейді ол.
Николай Радостовецтің айтуынша кәсіпкерлерге бәсеке таласын әділетті ету керек. Мысалы, басқа елдерде бәсекелестікті қорғау комитеттері тергеу жүргізуге құқылы, ал, Қазақстанда бұл саладағы заңдылықты күшейтуге бағытталған жаңа заң 3 жыл бойы қабылданбай жатыр, дейді ол.
Әлімдік банк өкілдері Қазақстандағы монополияға қарсы заң ескірген, деген пікірлерін білдірген. Кейбір сарапшылар осы заңның олқылықтары кесірінен мегахолдингтер шағын кәсіпорындарды базарға кіргізбей бәсеке таласын әділетсіз етеді, деген болатын. Жалпы бәсекелестікті реттеу үшін көптеген шаралар атқарылып жатыр деп хабарланады. Мысалы, жуырда министрлік пен «Миттал Стил Теміртау», «Қазақмыс», «Қазфосфат» және «Қазцинк» кәсіпорындарымен салалық емес активтерін кәсіпкерлерге сатып бәсекені арттыру жөнінде мемарандумға қол қойылды. Комитет төрағасының орынбасары Жанат Қожахметов осылай деп хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан президенті Н.Назарбаев бір сөзінде Қазақстан экономикасында ішкі жалпы өнімнің 80 пайызы ірі холдингтердің қолына шоғырланған, бұл олигархтар негізгі қызметтерінің сыртында, жанама істерді де жүзеге асырып келеді, соның нәтижесінде, бұл бәсекелестікті төмендетіп, салықтан жалтаруға әкеп соғады, деген-ді. Ал, саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов керісінше ірі компанияларды ұсатуға болмайды, олар ел экономикасын көтеруге септігін тигізеді деген пікір білдірген.