Таулы Қарабақ бойынша келісім нышаны табылмады

Таулы Қарабақ мәселесін шешуге атсалысып жүрген халықаралық араағайыншылар Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения президенті Роберт Кочарянның келіссөздері табыссыз аяқталды деді. Екі ел басшылары Париж маңында аяқталған кездесулерінің соңында ешқандай сипаттама айтпай тарады. Олардың келіссөздері екі күн жүрді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобының тең-төрағалары келіссөздер қарқынды өтті, бірақ алға қадам басылған жоқ деп сипаттады. Араағайыншылар 18 жылға созылған Таулы Қарабақ дауында келісімге бет алу қинырақ болады деп болжамдаған жалпы.