Британ сарбаздары Ирақта таяқ жұмсапты деген мәлімет шықты

Британия қорғаныс министрлігі Ирақтағы британ сарбаздары бір топ жергілікті тұрғынды азаптапты деген мәліметті тергей бастадық деп хабарлады. Мұндай зорлық оқиғасы түсірілген бейнежазу бар қолымызда деп "Ньюс оф зе Уорлд" газеті жариялаған. Бейнежазбада британдық сарбаздар жас Ирақ азаматтарын жұдырықтап, таяқтап жатқаны түсірілген, - дейді газет. Жексенбі күнгі санында "Ньюс оф зе Уорлд" газеті бейнежазба Ирақ оңтүстігінде осыдан екі жыл бұрын түсірілген дейді. Британия қорғаныс министрлігі соққы оқиғасы болды деген күдікке қатты алаңдап отырмыз деді.