Адамзат баласы ғарышты зерттеу ісін тереңдеткен сайын, жұмыр жер бетінде адам аяғы баспаған жер қалмағандай көрінетіні бар ғой. Алайда, ғалымдардың жаңа ізденістері барысында Шығыс Индонезияның Папуа аралынан бұған дейін белгісіз боп келген көбелектің бірнеше түрі, тағы да басқа жануарлар түрі анықталып отыр.
Шығыс Индонезияның Папуа аралынан бұған дейін адам баласына белгісіз боп келген тіршілік иелері табылып отыр. Ол аралдағы Фойа тауларының адам аяғы баса бермейтін тылсым тұстарынан табиғат зерттеушілері қызықты жаңалықтар ашқаны жөнінде хабар таралуда. Ентомолог Хенк ван Мастригт осы аймаққа жасаған қысқа мерзімдік зерттеу сапарының өзінде Делиас деп аталатын көбелектің сегіз түрін тапқан екен. Оның алтауы бұған дейін мүлдем белгісіз болып келген.
“Мен Папуа аралынан көбелектер түрін 30 жылдан бері жинап келемін. Осындай қысқа мерзім ішінде жәндіктердің осыншалықты мол жаңа түрін тапқан емеспін”, - деді ғалым.
Бұл экспедицияға басшылық жасаушылардың бірі Уашингтонда орналасқан Жануарлар әлемін сақтау ісімен айналысатын Халықаралық қорғау ұйымы өкілі Брюс Бехлердің айтуынша, зерттеу мұнымен шектеліп қалмайтын болады. Оның сөзіне қарағанда, бұдан бұрынғы сапарлары кезінде олар адамзат баласына бұрын-соңды белгісіз боп келген, құрбақалар мен құстар түрін, тіпті жұмыртқалайтын сүт қоректі аңды да кездестірген екен. Фойа тауларына алғаш көтерілген сапарларында ғалымдар әлгі айтқандай, жұмыртқалайтын аңды көрген. Ехкидна деп аталатын ұзын тұмсықты бұл аң адамдардан қорықпайтын боп шықты. Ол тіпті жұмыртқасын зерттеуші ғалымдардың зерттеу орталықтарына алып кетуіне де мүмкіндік берген. Адам аяғы баспаған осы биік тауларды мекендейтін бұл аңның бұдан бұрын адам баласын кездестірмегені де анық.
Папуа аралы табиғатын қорғау ұйымының маманы Янц де Фретест:
“Бұған дейін талай ғалымдар Фойа тауларының табиғат құбылыстарына бай өлке екендігін айтып келген болатын. Алайда біздің бұған дейін бұл аймаққа келіп, аталған болжамдарды растауға мүмкіндігіміз болмады”, - деді.
Аңдарды қорғау халықаралық ұйымы мамандарының бірі - Том Кохен. Оның айтуынша 19-шы ғасырдың соңына дейін ғалымдар Папуадан жеткізілген құстардың қауырсындары мен басқа да мүшелерін тек сәндік бұйымдарға деген қызығушылық бойынша ғана зерттеп келген екен. Мысалы, Жұмақ құсы деген атпен белгілі болған құс аңшылар кітабында алғаш рет 1897-ші жылы пайда болған. Оның бұлай деп аталу себебі, оның айдарының әдемі алты қауырсынмен жарасты түрде қабысып тұрғандығында. Енді міне, ғалымдар ол құсты өзінің табиғи өмір сүру жағдайында зерттей алатын болды, дейді Кохен ғалым.
Бұл зерттеу экспедициясына сонымен бірге Индонезияның Ғылыми зерттеу институты қатысқан. Сондай-ақ экспедицияны құруға ат салысқан Америка Құрама Штаттарының Ұлттық географиялық қауымдастығы екен. Фойа тауларының бұған дейін зерттелмей келген себебі, жоғарыда айтқанымыздай, бұл жерлерге адам аяғының жетуі оңай емес. Беехлердің пікірінше, тағы бір себебі, Индонезия өкіметі бұл аймақты мейлінше зақымданбаған күйінде сақтағысы келеді. Сондықтан ол тауларға баруға ықыластыларға рұқсат беруге де ресми Жакарта онша құлықты емес.
Фойа тауларындағы бұл жаңалықтардың ашылғандығы басқа да қызығушылар санын көбейте түспей ме! Сол арқылы әзірге ақау түсе қоймаған осы бір табиғат мүйісіне “адам баласының зияны тиіп жүрмей ме?” деген алаңдаушылықтың туындары сөзсіз. Таудың биік аңғарларына көтерілудің қиын екендігін айта келіп, сол зерттеуші ғалымдар ондай қауіпке орын жоқ, дегенге мегзеуде.