Ауғанстандағы шабуылдардан бірнеше адам қаза тапты

КАБУЛ. Ауғанстанда орын алған жарылыстан 4 АҚШ сарбазы құрбан болды. АҚШ әскерінің хабарлауынша, бұл шабуыл Урузган провинциясында болған. Ал Хелманд провинциясында қарулы адамдар сегіз ауғандықты өлтірген.