ВАШИНГТОН. Кеше “Fox News” телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың вице-президенті Дик Чейни сенбі күні өзімен бірге аңға шыққан досы, 78 жастағы адвокат Гарри Уайттингтонға байқамай оқ атып жаралағанын ашық мойындап, бірақ бұл оқиғаны көпшіліктен жасырып келгенін ақтауға тырысып бақты. Бұл оқиға 11-інші ақпан күні Тексас штатындағы ранчосында болған. Кеше Тексастың ауруханасында емделіп жатқан Уайттингтонның денсаулығы түзеліп келе жатқаны хабарланды. Сейсенбі күні ол жүрегінің айналасына тиген бытырадан жүрегі қысылды. Қайғылы оқиғаны келесі күнге дейін жасырып келгені үшін сын айтылған Дик Чейниге ешқандай қылмыстық айып тағылған жоқ.