Вашингтон. Өйткені Хамас тобы бастаған үкіметпен бірге жұмыс істегіміз келмейді дейді АҚШ тарабы. АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Шон Маккормак Палестина автономиясының қазіргі президенті Махмұд Аббас үкіметі ол қаржыны қайтаруға келіскендігін айтқан. Аталған қаржы Палестинаға өткен жылы Батыс жағалаудың біраз бөлігі мен Газа секторынан Израил әскері шығарылған соң берілген болатын. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, соңғы он жылдың ішінде АҚШ Палестинаға көмек-қолдау ретінде 1,5 миллиард доллар қаржы берген.