Тұтқындау шаралары шығыстағы Мултан және оңтүстіктегі Карачи қалаларында жалғасты. Әсірешіл Исламшыл топ жетекшісі Хафиз Саид қазір үй тұтқынында отыр. Бүгін Равалпанди, Пешавар және Қуетта қалаларында да шерулер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ, Мұхаммед Пайғамбарды келемеждеу суреттеріне байланысты, Хоңкоңда мыңдаған наразы адам ереуілдетіп отыр. Мұның бәрі Дания газетінде кезінде жарияланған карикатуралық суреттердің салдары болып тұр.