АШХАБАТ. Бүгін Ашхабадта Түркіменстан басшылығы Ресей мен Украина өкілдермен түркімен газының экспорттық бағасын талдауға тиіс. Түркіменстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ресейлік ГазПром компаниясының президенті А.Миллер түркімен президенті С.Ниязовпен, ал Украинаның отын және энергетика министрі Иван Плачков С.Ниязовпен және өзге де түркімен өкілдерімен келіссөз өткізеді. Кеше Ресейдің өнеркәсіп және энергетика министрі В.Христенко осы жылдың соңына қарай Түркіменстан 1 мың текше метр газының бағасын қазіргі 65 доллардан 100 долларға дейін өсіруді жоспарлаған болса, Украинаға газ сату туралы таяудағы келісімді қайта қарау керек деп мәлімдеді. Түркімен газы – Киев пен Мәскеу арасындағы 4-інші қаңтарда қол қойылған келісімнің құрамдас бөлігі болып табылады.