Осы кезге дейін 40 шақты адамның қаза тапқандығы анықталып, 57 адам құтқарылған. Негізгі құтқару шарасы көшкін астында қалған мектепке бағытталған. Ол арада 200-дей оқушы мен олардың мұғалімдері қалған екен. Филлипин президенті Арройоның бұйрығымен, ол аралдағы құтқару операциясына 17 тікұшақ, 1 мыңдай теңізші жіберілген.