Сенбі күні Алматыда, өткен аптада атып өлтірілген, белгілі қоғам қайраткері, қазақстандық оппозиция көсемдерінің бірі - Алтынбек Сарсенбайұлының жетісі берілді. Марқұмның жетісі қазақи салтқа сәйкес, ешқандай жиналыссыз, көңіл айта келген көпшілікке ас таратылып, марқұмның әруағына құран бағыштаумен шектелді. Сонымен қатар, сенбі күні Алматыда осы қайғылы қазаның тергеу-тексерілу барысын қадағалау мақсатында құрылған қоғамдық комиссияның алғашқы отырысы өтті.
Қазалы үйге қазақы дәстүр бойынша ағайын-жұрт, жер шалғайдығынан марқұмды жерлеу қатыса алмаған алыстағы туған-туыстары жиналып, жылап, көрісіп жатыр. Аулада тігілген үлкен шатырда, үйде де адамдар толы. Марқұмның туғандарына көңіл айтушылар - зиялы қауым өкілдері, ағайын-туыстары, Алтынбекті көзі тірісінде жүзбе-жүз білмегеғн адамдар да – барлығы толассыз, лек-легімен келіп, қаралы үйге кезек-кезек кіріп-шығып жатыр. «Марқұм Алтынбек, қазақтың арыстай азаматы еді-ау!» дейді, сыбырлап сөйлесіп тұрған, көңіл айтып, Алтынбектің жетісіне келген көпшілік.
Марқұмның жетісі Алматыдағы өз үйінде, қазақи салт-дәстүрге сәйкес, ешқандай жиналыссыз, келген көпшілікке ас беріп, марқұмның аруағына құран бағыштаумен өтті. Сонымен қатар сенбі күні Алматыда осы қайғылы қазаның тергеу-тексерілу барысын қадағалау мақсатында құрылған қоғамдық комиссия өзінің алғашқы отырысын өткізіп, алдағы атқарылар жұмыс бағыттарын айқындағанын жариялады. Бұл комиссияның құрамында қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, парламент мәжілісінің депутаты Тоқтар Әубакіров, қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, Қазақстан ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Сағындық Жүрсімбаев, оппозиция көсемі Жармахан Тұяқбай сынды қоғамға белгілі бірқатар азаматтар бар.
«Бұл комиссияның жұмысын Жармахан Тұяқбайдың өзі басқаратын болды. Бүгін бірінші кездесуіміз. Аптасына бір рет жиналамыз деп отырмыз. Күнін, жерін белгіледік. Біздің негізгі мақсатымыз - мына тәуелсіз комиссияның жұмысында үш топ құрылады. Адвокаттар тобы; тергеу тобы бола ма, солар жұмыстар атқарады да, соның нәтижесін және де басқа жұмыстар қалай болып жатыр, мына үкіметтік жағынан сол ресми тергеу органдары қалай істеп жатқанын. Содан кейін, мына шетелден мамандар келеді деген сөз бар, солардың жұмыстары қалай болып жатыр екен, солардың бәрінен біз хабардар болуымыз керек», - деді комиссия мүшесі Мұрат Әуезов.
Оның айтуынша алдағы уақытта бұл комиссия қатары әлі де көбеюі мүмкін. Бұл комиссияның әзірге ешқандай мәртебесі де жоқ. Және алдағы уақытта билік осы комиссия жұмысын ескере ме, жоқ па – ол да белгісіз.
Бірақ, комиссия мүшесі профессор Игорь Корзун бұл комиссия Ата заң негізінде құрылды дейді:
«Комиссияны құрған себебіміз, көпшілікте кейде билікке сенімсіздік таныту нышандары бой көрсетуі себепті осы комиссия арқылы біз қоғам мен билік арасында көпір болу мақсатын ниет етіп отырмыз. Көпшілік осындай тәуелсіз комиссия жұмыс істей бастағанын естісін, бәлкім кімде-кім бізбен байланысқысы келіп жатса БАҚ беттері арқылы біз өз телефондарымызды жария еткелі отырмыз. Комиссия жұмысы бірнеше бағытта болмақ, әрине, тергеу-тексеру жұмыстарының барлығы іс аяқталғанша жариялануға жатпас, тәртіп солай, бірақ біз қоғамды бұл іс қалай жүріп жатқаны туралы хабардар етіп отырмақпыз».
Белгіленген жұмыс тәртібіне сәйкес қоғамдық комиссия аптасына бір рет отырыс өткізіп, жалпы жағдайды талқылап, қажет ақпараттарды БАҚ өкілдері арқылы жариялап отырмақ.