Қазақстанның Ұлттық иновациялық қорының қаржыландыруымен Алматы облысына қарасты Алатау елді мекенінде «Ақпараттық технология паркі» еркін экономикалық паркі алдағы сәуір айынан бастап ашылмақ. Бұл бастаманы аталған сала мамандарымен қатар ғалымдар қолдап отыр.
Бүгінде құрылымдық жобаларымен қатар, құрылыс жұмыстары аяқталып қалған «Ақпараттық технология паркі» еркін экономикалық паркі Қазақстанда ең алдымен ғылым мен ақпараттық технологияның жүйелі іс-қимылдарын одан әрі дамытуға мүмкіндік ашатындығын көрсетіп бергендіктен бұл салаға батыл қадамдар жасап отырмыз дейді «Ұлттық иновациялық қор» төрағасы Ғұсман Әмрин. Яғни, ол Қазақстанда жоғары технологияларды жетілдірудің ең тиімді және нарықтық механизмі болып табылатын аталған құрылымның ұлттық инновациялық жүйенің инфрақұрылымын қалыптастырудың маңызды бөлігі болып отырғандығын айтады. Осы тұрғыда сәуір айында тұсаулары кесілгелі отырған екі бірдей технопаркке әріптес ретінде қызығушылық танытып, бұл мәселеге Қазақстан қоғамы тарапынан да сұраныс туып отыр дейді «Ұлттық иновациялық қор»-дың төрағасы Ғұсман Әмрин.
Және де Қ.Сәтбаев атындағы ұлттық техникалық университеті негізінде «Ұлттық иновациялық қор» қаржыландыруымен екінші бір технологиялық бизнес инкубатордың да сәуір айында ашылуы оқу орны үшін үлкен жаңалық болғалы отыр дейді аталған университеттің проректоры Малис Абсаметов.
Ал «Ұлттық иновациялық қордың» әріптесі «Glotur» акционерлік қоғамының төрағасы Қанат Нұрекенов ақпараттық технологиялар, электроника және телекомуникация салаларын жетілдіру аталған технопарк қызметінің негізігі бағыты болып табылатындығын айтады.
Сондай-ақ техника ғылымдарының докторы, профессор Ғалым Қазиев бұл технопарктер елдегі ғылым саласының дамуына айтарлықтай өз үлесін қосатындығын айтады. Сонымен қатар «Ұлттық иновациялық қордың» төрағасы Ғұсман Әмрин мұндай бастамаларды жүзеге асыруға өздерінің мүмкіндіктері жеткілікті екенін айтады. Мұндай технопарктерді алматылықтардың тәжірибесімен алдағы уақытта бірнеше облыс орталықтарында ашу көзделіп отыр дейді ол.