Иран Ресейдің ұсынысын қабылдаған күнде де, ядролық іздесін жалғастырады

МӘСКЕУ. Бүгін Ресей мен Иранның ресми өкілдері Мәскеудегі келіссөзін әрі қарай жалғастыруға тиіс. Тараптар Иранның ядролық реакторларына қажетті уранды Ресейде өңдеу туралы Мәскеудің ұсынысын талқылау үстінде. Бұл ұсыныс – халықаралық қауымдастықтың “Иран байытылған уранды ядролық қару жасауға пайдалануы мүмкін” деген күдігін сейілтуге тиіс. Кеше Брюссельде Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақи Теһран Ресейдің осы ұсынысын қабылдаған күннің өзінде де, өзінің ядролық ізденістерін жалғастыра береді деп мәлімдеді.