Кейінірек сөйлеген сөзінде Райс ханым, егер Хамас тобы Палестина өкіметін құратын болса, онда ол күш қолданудан бас тартуы керек, деді. Құрама Штаттар мен Еуропа одағы Хамас тобын лаңкестік топ деп танып, оның мүшелерімен ресми байланыс орнатудан бас тартуда. Бүгін Таяу Шығыстағы сапарын одан әрі Райс ханым Сауд Арабиясына қарай жалғастырмақшы.