ПРАГА. Бұл жиында Мұхаммед Пайғамбарды келемеждеген суреттерге орай туындап отырған халықаралық дау-дамай мәселесі де талқыланады. Ол карикатураларды алғашқы рет Даниялық бір газет шығарған еді. Кейін оларды Еуропаның басқа елдері де көшіріп қайта басып шығарды. Осыған байланысты мұсылман әлемінде жаппай наразылықтар өтті.