Ресей телерепортерінің мәйіті Мәскеудегі пәтерінде табылған

Илья Зиминнің өлтірілу себептері әзірге түсініксіз. Ресейдегі НТВ теледидарында зерттеуші репортер болған оған өткен жылы қатты шабуыл жасалған болатын. Ол жолы Зимин ауруханадан емделіп шыққан екен. Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қолдау комитеті Ресей елін журналистер үшін аса қауіпті 10 елдің алдыңғы тізіміне қосқан болатын.