Қабыл сыртындағы түрмедегі көтерілісшілермен арадағы келіссөздер тоқтап қалды

Ауған Әділет министрінің орынбасары Мұхамед Хашимзайдың айтуынша ресми билік бұл келіссөздерді қайта жаңғыртуға бүгін күш салмақшы. Көтерілісші тұтқындар Пул-и-Чархи түрмесінің бір блогын басып алған. Онда 1300-дей тұтқындар бар екен. Олар сондай-ақ түрменің екінші қанатына да басып кірген. Бір түрме өкілінің айтуынша, қақтығыс барысында 7 адам қаза болып, 30-ы жараланған. Полиция және солдаттар түрмені қоршап тұр. Ауған армиясы мен НАТО-ның бастауындағы қауіпсіздік күштері танкілер мен басқа да әскери техникаларды түрме сыртына шоғырландырып қойған.