ТЕҺРАН. Иранның ресми ақпарат агенттігі хабарлағандай, бүгін Иранның оңтүстігіндегі 2 қаласы Дезфул және Абаданда шағын 2 бомба жарылып, 4 кісі жараланды. Бомбалар қала әкімдерінің кеңселеріне қойылған көрінеді. Дезфул мен Абадан қалалары - өткен жылы Иран үкіметі мен жергілікті азын-аулақ араб қауымдастығы қақтығысқан мұнайға бай Хузистан өлкесінде орналасқан. Осы өлкенің әкімшілік орталығы – арабтар басым тұратын Ахфаз қаласын соңғы бірнеше айда талай жарылыс дүр сілкіндірді. Ресми Теһран жергілікті халық толқуын көрші Ирақта шоғырланған британ армиясы қоздырып отыр деп айыптады. Ресми Лондон оны мойындамайды.