Мәскеу. Бүгін Шешенстанның Мәскеудің ықпалындағы үкімет басшысы Сергей Абрамов қызметінен кетті. Бұл туралы Шешенстан президенті Алу Алханов Мәскеуде журналистерге мәлімдегенінде, Абрамовтың орнынан кетуі- оның өткен жылғы көлік апатынан кейін денсаулығының нашарлауы себеп болды деген. Алханов оның орнына кім келетіні жайлы ештеңе айтпаған.