Анкара. Бүгін Ирақ премьер министрі Ибрагим Жаафари Анкараға келді. Ол Түркия премьер министрі Режеп Тайып Ердоғанмен, сыртқы істер министрі Абдулла Гүлмен және президент Ахмед Неждет Сезермен кездесіп, Ирақтағы орын алып жатқан діни жікшілдік қақтығыстар туралы сөйлеспекші. Түркия Ирақтың сектанттық қақтығыстарын артқа қалдырып, бірыңғай ұлттық үкімет құруға үндеп келеді. Ирақ президенті Жалал Талабани болса, дәл қазір жаңа үкімет жасақталып жатқанда, Жаафаридің Түркияға сапарға шығуын сынға алды.