29 жастағы Р.Қадыров – Чешенстанның премьер-министрі болып тағайындалды

ГРОЗНЫЙ: Бүгін Чешенстан президенті Алу Алханов Рамзан Қадыровты республиканың жаңа премьер-министрі етіп тағайындады. 29 жастағы Рамзан Қадыров - осыдан 2 жыл бұрын қастандықтан қаза болған чешен президенті Ахмад қажы Қадыровтың ұлы. Адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар Рамзан Қадыровты бейбіт халыққа зомбылық жасап, кісі ұрлаумен айналысқан қара күштердің дем берушісі деп айыптайды.