АҚШ сыртқы істер министрлігінде Иран департаменті ашылды

Вашингтонда және Иран азаматтары тұратын маңызды аймақтарда жаңадан бірнеше дипломатиялық жұмыс орындары ашылмақ. Министр Кондолиза Райс парсы тілінде Иранға бағытталған жаңа радио және телевизиялық бағдарламаларды ашуға мұның алдында бюджеттен қосымша 75 миллион доллар сұраған болатын.